Шіркін адам! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Шіркін адам!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 607
Шіркін адам!
Анадан сен,
кіршіксіз де пәк туасың.
Есейген соң
есің кіріп,
адамдық зор іс қуасың.
Өмір – өзен,
уақыт – жылым,
жылжып жылдар, айлар өтеді,
Кей адамның сол пәктігі
толысқан соң қайда кетеді!
Кемеңгерлер,
Ғұламалар,
өлмес мәңгі өнерлі өседі.
Ісі қалып
адамдарға,
дүниеден ол да көшеді.
О, сілкіскен фәни дүние,
Айтуға тек оңайсың-ау.
Жылымдайын
жылжып жатып,
пәктікті сен тонайсың-ау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шіркін адам! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Шіркін адам! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шіркін адам! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шіркін адам! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері