Құйын

Бұл бетте «Құйын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Қасақана, кегі бардай өшігіп,
Ұйтқып соғып, қадамдарын өсіріп,
Жайбарақат шуақ сәтте тап болды
Жынды құйын үйіріліп есіріп.
Құмды иіріп, шаңды аспанға атты да,
Күлді үйіріп, топан теуіп қапты да.
Иілдіре, үзілдіре гүл белін,
Борандата кезді барып бақты да.
Күшке бағып құйын да тез тынбады
Нәзікпін деп гүл де мойынсұнбады:
«Тән әлсізін, жаны әлсізге санама»
Дегендей гүл майысса да сынбады.
Сағым сынды сәтінде жүз құбылған
Құйындар кеп бұл күндері шұбырған
Осы гүлдей құлпырарсың, жанарсың
Болсаң аулақ, құйын мінез құбылдан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құйын өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Құйын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құйын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құйын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері