Шахтёр мен ғарышкер – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Шахтёр мен ғарышкер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Байқоңырдан еркелеп жел еседі.
Жезқазғанның забойларын кешеді.
Ғарышкерлер ұшарында шахтёрге
Сәлем айтып жібереді деседі.

Сондай сәтте көңілім менің өседі,
Төгіледі кеннің қымбат кесегі.
«Ғарышкерлер», «Шахтёрлер» деп айтамыз,
Қатар салған екі бірдей көшені.

Бірі – биік, бірі терең заулайды,
Екеуі де ерлігімен баурайды.
Космодром шахталарым сияқты,
Ал ғарышкер шахтёрлерден аумайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шахтёр мен ғарышкер өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Шахтёр мен ғарышкер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шахтёр мен ғарышкер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шахтёр мен ғарышкер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері