Мәдидің ескерткіші алдында

Бұл бетте «Мәдидің ескерткіші алдында» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 791
Ассалаумағалейкум, Қарқаралы!
Шыдатпас сені аңсатқан жан талабы.
Жарқ етті тау басында жалғыз арша,
Арудай мені тосқан Арқадағы.
Дербес ел саған бүгін тамсанады,
Үр жаңа ән қозғайды таң самалы.
Басыңнан бұлттар көшіп,
Осы емес пе
Қайғы­шер Мәди айтқан тарқағаны.
Өткен күн бүгін анық байқалады,
Білгендер шын жүректен айта алады:
Зар қағып, Мәди әнін ұран етіп,
Бар қазақ қиын күнде қайталады.
Түрмеде жанға батып шаршағаны,
Мұң төксе ел аралап асқақ әні;
Бұл күнде ұлағаттап ұрпақтары,
Ескерткіш жарқылымен жар салады.
Еңсесін көтергендей сай­саланың,
Мәдиге белгі орнатқан бай талабың.
Есен бол, Ермегияев Амангелді,
Ел сүйер ерен жүкті арқаладың.
Естісін бүкіл қазақ шартарабы,
Бір әннің болды­ау, шіркін, қанша мәні.
Сол үшін алғыс айтқын ақтангерге,
Думан­той құтты болсын, Қарқаралы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәдидің ескерткіші алдында өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Мәдидің ескерткіші алдында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәдидің ескерткіші алдында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәдидің ескерткіші алдында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері