Бағбан сыры

Бұл бетте «Бағбан сыры» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Емен,
Қайың,
Ақ терек –
Бәріне де бап керек.
Отырғызсаң алмаағаш,
Тамырына тап қорек.

Назар салып әр түпке,
Келтір бақты тәртіпке.
Бағбан болсаң,
Шалжиып
Жатып алу артық де!

Қашырып та,
Қуып та,
Пәлекетті жуытпа!
Түтін қойып,
Әр түпті
Сақтау керек суықта!

Биологтың, қарағым,
Білесің бе талабын?!
Әр ағаштың сәуірде
Әктеу керек балағын.

Жердің қара құйқасы –
Жас тамырдың шипасы,
Қопсытасың әр түпті,
Көктемеде қи тасып.

Сияқты бір ата-анам
Қарт бағбаннан бата алам.
Жеміс ағаш әдетте
Болу керек жатаған.

Бөлер күн мен көп түнін
Бізде солай жоқ, тыным.
Күзеу керек жыл сайын
Жеміс ағаш шоқтығын.

Ақырында, қыраным,
Көреді көз қырағы.
Бағың менен Еңбегің
Қатар гүлдеп тұрады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағбан сыры өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бағбан сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бағбан сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бағбан сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері