Сынап

Бұл бетте «Сынап» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Сөз сөйлесе, айтатыны –
Әділет, ар, ынтымақ
Үзіледі, үздігеді
Жан жүйені жұлқылап.
Ал осыны өз қолымен
Өткерер сәт келгенде,
Ылпылдайды, жылпылдайды.
Май қасықтай жылтырап.
Сөзін сөйлеп,
сілтейтұғын 
Шоқпар болсаң,
қамқорың
Онсыз аяқ баспайды әсте
Жібермейді қалт оны.
Бет келгенге зіркілдейді
Есігінде жүргендей,
Жандайшаптар, жағымпаздар
Жөнелгенге күйбеңдей.
Өзі қалып қалтарыста,
Аттандырып тобырын
Тізе бүгіп бас имесең,
Қаздырады қабырын.
Көне атақ,
Көлгір бастық...
Сүйеп қойып арқаны
Жан қинамай,
жатып ішіп,
Толтырады қалтаны.
Асып түсіп бөріден де
Ұрғашыны жүр талап,
Із жасырып
сынап сынды
Сусиды-ай кеп сырғанап.
Танытты әбден кім екенін
Бұлдыр істер бұлғалақ
Болған өмірде өшкен емес
Білді сырын күллі алап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сынап өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сынап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сынап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сынап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері