Жүзім – жұлдыз анар – таң – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жүзім – жұлдыз анар – таң» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3685
Толқисың бұлттай көк жібек,
Шеберсің көрген қалар таң.
Күніңдей ыстық елжіреп,
Жаясың құшақ, Самарқан.
Ащы жас жуып бетіңді,
Асулар қанша сен асқан.
Сарғайып жеткен секілді,
Сол мұңнан саған Зеравшан.
Жол таба алмай жоныңда,
Бебеу қақты жел ыршып.
Қарақшылар қолында,
Бықсып жандық қоңырсып.
Ортасынан ор құмның,
Сарнаған сары жебелер.
Айғағындай сол күннің,
Аңыраған кәрі төбелер.
Навоидің сөзімен
Мұныңды шағып тастарға
Ұлықбектің көзімен,
Қарадың лағыл аспанға.
Иба қылған иіліп,
Қыздардай табақ көтеріп.
Жанарды тартып үйіріп,
Жанады қазір от ерік.
Жанады қазір жерің де,
Жүзім – Жұлдыз.
Анар – Таң.
Көп ойлар салып көңілге,
Күбірлейсің,Самарқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүзім – жұлдыз анар – таң өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жүзім – жұлдыз анар – таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүзім – жұлдыз анар – таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүзім – жұлдыз анар – таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері