Балалық туралы баллада

Бұл бетте «Балалық туралы баллада» атты Сырбай Мәуленов жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3680
Оның әкесі соғыста өлді,
Қайыспас қара болаттай төзімді еді.
Ал шешесі жалғыз ұлын арқалап,
Жаудан қашып келе жатқан кезінде өлді.
Өлімнен жас сәбиді арашалау,
Жарық күндей өмір борышы,
Жас сәбиді тауып алып,
Асырады теміржолшы.
Бір кездегі жетім ұл қазір әке,
Бір үйлі жанның басы.
Бір үйлі жанның
Жем таситын қанатты қарлығашы.
Бірақ кейде құмартады
Көрмеген бала кезіне.
Қарап қояды әкесінің сұлу мұртына,
Шешесінің қара көзіне.
* * *
Сен жыладың
Қыс қойнында қалтырап,
Мен жыладым,
Көктем едің
Әкетті қыс тартып ап.
Жаңбыр,жаңбыр
Түсіп жатты
Жүрегіме тырсылдап,
Тағдыр,тағдыр
Тастады ол
Тастай етіп тылсымдап.
Екеуімізге
Екі бөлек-
Екі айрық түсті жол.
Енді арманға
Жетерміз бе
Жылама сен,
Күшті бол!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалық туралы баллада өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Балалық туралы баллада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалық туралы баллада өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балалық туралы баллада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері