Күзгі сыр – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Күзгі сыр» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 545
Көңіл тұман...
арасына ай батқан,
Тірі жан жоқ. Тіл қататын аймақтан.
Тереземе құлап түсті қураған,
Күздің сары жапырағы қай жақтан?
Ұшты ма екен?
Қанатымен тілеп түн,
Суретіне ұқсап жалғыз жүректің.
Жапырақты сол, дір-дір еткен желменен
Көрген сәтте өз-өзімнен дір еттім.
«Әсемдікке арнап өлең, арнайды ән»,
Деп мен жайлы арылмаған арлы ойдан.
Қолы жетпей аспандағы бір жігіт
Лақтырды ма, сағынышын сарғайған?
Сыр моншағын шашып алдым көп күліп,
Үлбіреген гүл қауызын төкті үміт.
Қарай-қарай ұзатты ма көктемді,
Жапырақты көз отымен кептіріп.
Сезіміне тізігін салып тектілік.
Неге маған келмей қойды бақ күліп,
Көкірегімнен өзен болып ақты үміт.
Аспаннан ол, жапырақтай жүрегін,
Қарап тұр ма? әйнегіме лақтырып?
Белгісіздеу болды жұмбақ, бұл бір сын,
Сағынышым, сағым жолын сындырсын.
Маған құдай қыстың таяп қалғанын,
Білдіргені болар, мүмкін кім білсін?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі сыр өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Күзгі сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері