Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

Бұл бетте «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты Сүйінбай Аронұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2015
  • 2
  • 15
  • 75332
Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып - ай.
Жамандар - өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына - ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай.
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жаман» ─ деген мақал,
Жамандар түзей алмас тұрмысын - ай.
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Жамандар өсек-аян айтып жүрер,
Ешкімнің білмесе де қылмысын- ай.
Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,
Ақылы ауысқан адамның жындысынд - ай.
Екеуін салыстырып әдейі айттым,
Қажетін қолданарсың тұрмысыңа - ай.


Пікірлер (15)

Нурмухан

Жаман адам балтанын унгысындай деген жолынын магынасын тусындырындершы

Жаныл

Маганда сол керек :-(

Аббасшах2005

Маганда сол керкэек

Adema

Men izdegen takirip

Maral

men izdegen takirip

Элнура

Маған осы тақырыпқа ойтолғау керек еді.Көмектесіңіздерші.

Гулнар

Ұңғы - қайсыбір құралдың сапқа киілетін қуыс жағы, қуысы. Сүйінбай жаман адамды осыған теңеген.

сабина

Маганда сол керек отинем жазыниздаршы

Айсана

Маган конспекти керек ет жаксы мен жаман адамнын касиеттери не комектесиниздерши

Балауса

Маган метафора деген не?

Балауса

маган ой толгау керек еды.комектесыныздерш

Жанерке

Балтанын унгысында деген мысалыга басы бар бирак мыйы жок ишинде деген сияктыгой

Аслан Төреханов

Жаман адам балтаның ұңғұсындай деген мағына түзеу сапты бұрұп һəм қисайтып тұрғандығын,түзеу сөзді бұрмалағанды айтқаны болу керек.

Myrza

Өте керемет!

Нурик

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңінің авторы кім?

Сүйінбай Аронұлы — осы өлеңнің авторы.

Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сүйінбай Аронұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері