Жамбыл – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жамбыл» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Ақыны ма арғынның, батыры ма найманның,
түп атасын тексеріп, келді демей қайдан кім,
алты алаштың аруақты атасына парапар
тастамайтын аузынан батасына айналдың!
Жалпақ елге жайылған Жамбыл атың көк тіреп,
ұраның да жыр-әнің төрелерден тектірек,
қайда барсаң —
құдайға қолын жайып жатқан жұрт,
жаңа туған сәбиге:
"Жасыңды бер!"— деп тілеп.
Қырда қазақ,
ойда орыс
"Жамбылым!" — деп ұрандап,
өзбек, қырғыз, түрікпен таңырқаған жыр арнап.
Ұрпағының ұрпағы мақтансын да жүрсін деп,
маңдайыңа дарыпты-ау самұрықтай сыңар бақ!
Дағдарып кеп қайран ел,
түсе қалса даңғылға,
Жамбыл-дауыс жаңғырып жетеді әлі сан қырға.
...Ақыл іздей бастасақ —
біз Абайға жүгініп,
жақын іздей бастасақ —
жүгіреміз Жамбылға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбыл өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жамбыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамбыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамбыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері