Ақын қызға

Бұл бетте «Ақын қызға» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2104
Көз жасыңның татып жүріп кермегін.
Жан-жараңды өлең- жырмен емдедің.
Мұңын шаққан құндақ жырға сыр айтып,
Егізімдей жан екенсің, сен менің.
Пенделердің арасынан алыстап,
Қанат қағып көк жүзінде, ғарыштап.
Бір мұңыңды күлкі ішіне жасырып,
Бір уайым жүргендей ме жаныштап?!
Стөл басы,
Алшақтатып араны,
Жанарыңа жасырынып қарадым.
Мазалайтын беймаза күй көзіңде,
Бір мұң тұрды,
Ол нендей мұң, қарағым?
Нұр таймаған танакөзің, әрің де.
Өлеңіңе жарасады сәнің де.
Жан дүниесі ашылмаған тұңғиық,
Бір сыр жатар ақындардың бәрінде.
Жатса дағы мерейіңді асырып,
Желпінбедің,
Желікпедің тасынып.
Бір бақыттан бас айналар шағыңда,
Бір мұңыңды іштей тұрдың жасырып.
Соны сезіп атқақтады жүрегім.
Сөзің ірі,
Жаның нәзік, білемін.
Бала кезден таныс болған досым-ай,
Бақытты бол,
Шын Алладан тіледім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын қызға өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Ақын қызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын қызға өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын қызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері