Бұзық көше – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бұзық көше» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 585
Тірліктеріне
Қарап тұрсам,
Көп адам —
Дәл қазір
Айқай-сүреңді,
Ырду да дырду,
Дарақы даңғаза
Қызыққа бататын;
Қанжары жалақтап,
Гүрсітіп
Мылтық ататын;
Айбақ-сайбақ ағашы
Төбеңнен
Іріңдей жап-жасыл
Бұлт боп төнетін;
Түндей біреулер
Албастының омырауын
Қақ айырып
Ындыны кепкен қара төбеттей
Ыңырсып еметін;
Ұры-қарасы
Көздері қызарып
Асып-тасатын;
Қарақшы, бұзығы —
Құтырған кезінде! —
Жазықсыз жандардың
Қандарын
Судай шашатын;
Төсегінде
Сайқал ойнақ сап,
Көшесінде
Шашы жалбырап
Сайтан жүгірген —
Шыққандай
Бұзық көшеден.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұзық көше өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бұзық көше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұзық көше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұзық көше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері