Сол жылдарды ойлап көршi санамен

Бұл бетте «Сол жылдарды ойлап көршi санамен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 766
Сол жылдарды ойлап көршi санамен:
көз алдында тұра қалар жаралы ел,
Отқа оранып бүлiнiп
жатқан ұлы қара Жер.
Қара Жер-ай,
не көрмедi ол, сiрә?
(еске түссе тұра алмайды жан шыдап.)
Құс сияқты қанатына оқ тиген
жатты қанша қансырап?
Алмас оны ешкiм сынап, мiней де,
қанша төздi ол соғыс зұлмат дүлейге.
Бомба деген сөз шықса егер
алдымен
Соның шашы тiк тұрады үрейден.
Қорға оны,
қолыңа сен ту ұста,
ұран таста,
жол берме сен ұрысқа.
Қаупi менен қаталдығы Бүгiннiң
Ендi оны ұстамақшы уыста...
Құртпақ болып орман, көлдi, қала мен,
өрекпiсе әлдекiмдер жаламен,
болады ғой кiшiрейiп кеткендей
бiр уыс боп қорқыныштан қара Жер.
Қиын шақ бұл ағартатын шашты да:
қиын шақ бұл қиналтатын тасты да!
Пана iздеген балапандай Жер Шары
тығылады жүрегiмнiң астында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол жылдарды ойлап көршi санамен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сол жылдарды ойлап көршi санамен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол жылдарды ойлап көршi санамен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол жылдарды ойлап көршi санамен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері