Көне қала
Бұл бетте «Көне қала» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Көне қала.
Бәрiн көрген қала бұл.
орынындай шор боп бiткен жараның, –
жатыр әне үйiңдi боп, төбе боп
саз балшықты қорғандары, қамалы.
Бәрiн көрген.
Өне бойы құрыштап
түскен талай қанды майдан, ұрысқа.
Денесiне садақ оғы қадалып,
кескiлескен айбалта мен қылыштар.
Бәрiн көрген.
Құл да болған, қаналған.
Отқа оранған, торға түскен, қамалған.
Өшкен онда үмiт, тiлек, сан арман.
Қазынадан, байлығынан тоналған.
Бәрiн көрген.
Күндер өткен сергелдең.
Дұшпан бiткен лап қойғанда селдердей
бұзылған ол сеңдердей.
Түскен сонсоң қуғын, сүргiн, тергеуге!
Iштен тынып сiлтiдей
мойымаған, көздiң жасын iркiген.
Арам ниет, қанды қолдар денесiн
тiмiскiлеп, тiнтiген.
Бәрiн алып,
үзiп өмiр, тiлектi,
жауыз қолдар түсiргенмен түнектi,
сақтап қалған жүрекке ол жыр-әнiн.
Мүмкiн емес тiнту, тонау жүректi.
Жатыр ендi тосырқамай жаңаны
кейбiр сәтте көне әндерiн салады.
Желпидi кеп қырдың саумал самалы
бәрiн көрiп аман қалған қаланы.
Келсең оған көзге жас кеп, кек қызып
кетедi ғой.
Тасаланар көп қызық.
Жиырмасыншы ғасырдың
қорқынышын, күлкiсiн
жатыр ендi ол өн бойынан өткiзiп.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі