Қобыз – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қобыз» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2746
Дала бір жұлдызы жоқ қаралы аспан,
Көгінде ана зарлап, бала адасқан.
Үміт бір шала-жансар ақсақ киік,
Тағдыр бір асау құнан ала қашқан.
Күл болып ошақта оттар сеніп қалған,
Сұп-сұр боп бұлт адырда өліп қалған,
Аруана ауыр жүкті көтере алмай
Арқаның сауыры да шөгіп қалған.
Жер — жетім ыңыранып көз ілмеген,
Жел — жесір бебеу қағып безілдеген.
Көшкен ел сурет боп қатып қалған,
Түтіні тіршіліктің сезілмеген.
Кең дала, айдау жазық, кәрі адырлар,
Мұңлы өзен, сұрғылт аспан, қара құмдар...
Тізілтіп өтіп жатсың жолы ұзын қыр,
Ойнашы Ықыластың қобызын бір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қобыз өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қобыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қобыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қобыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері