Өсиет – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Өсиет» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2999
Тұрмын алып бас киімді
Туысқандар қабырында.
Көздерімнен жас құйылды
Жаным батып ауыр мұңға.
Қайта оралды алыс қайғы
Қаралы бұлт кескініндей.
Жел азынап дауыстайды
Өлген жандар өксігіндей.
Жаудың ізі жатыр сайрап,
Тростонец дөңесінде.
Көп халықты атып, айдап,
Өртеген пеш өңешінде.
Міне, осы жау ғаламаты
Құртудан жоқ құлқы басқа.
Өлгендердің аманаты
Жазулы тұр құлпы таста.
Жауын-шашын шайса-дағы,
Әлі әріптер көнермеген.
Сол өсиет ой салады,
Тасқа жазған өлеңменен.
«Жаулар турап жапырақтап,
Ет кессе де етімізден.
Тұрдық адам атын ақтап,
Сырды шашпай шетімізден.
Тартып азап ең ауырын,
Біз көмілдік бүгін жерге,
Тапсырамыз жер тағдырын,
Аманат қып тірілерге».
Осы сөздер жалын болып,
Құйылғандай қанымызға,
Алай-түлей дауыл соғып,
Тұрғандай бір жанымызда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өсиет өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Өсиет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өсиет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өсиет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері