Сені көрдім түсімде

Бұл бетте «Сені көрдім түсімде» атты Нұрхат Қизатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен өзіңді тағы көрдім түсімде,
Саған деген сезім барма ішімде?
Әлі күнге ұмыт болмай жүргенің,
О махаббат,
Құдыретті күшін бе?!

Тырыссамда ұмытылар емессің,
Жүрегімді бұзып жарған белессің.
Ұйықтағанда ғана маған көрініп,
Кетпейтұғын түсімдегі елессің.

Өмір өзен,
Сен түсімсін - "Кеме"сін,
Өнім емес, түсім болып келесін.
Өткенімді ұмытуды бастасам,
Қайта оралып түстеріме енесін.

Неге әлі түстеріме кіресін,
Құшақтайсын, күлімдейсін, күлесің.
Естеліктер қинап жатыр жанымды,
Бітер емес махаббатпен күресім.

© Н. Қизатұлы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер