Асықпа – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Асықпа» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 816
Шыдашы сәл-сәл, асықпа,
жанымды бекер жасытпа.
Ғашық та бол сам қайтейін,
барар жер әлі қашықта.
Болайын сенің құрбаның
мойныңды бері бұрмағын,
айтпай-ақ қойшы алдымда
тағы не күтіп тұрғанын.
Ақындар едік — күйрек ек,
қайтесің мені сүйрелеп.
Шырылдап тұр ғой жүрегім:
"тимеші бұған, тиме!"— деп.
Бар еді біраз бергенім,
бағамды білсін ел менің.
Асықтыра да көрмеші,
алдымда деуші ем көрмегім.
Бұйыра бермес жылда төр,
мына бір қызыл гүлді әпер.
Асықпа, ана жақтарда
бар сияқты ма бір қатер?! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асықпа өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Асықпа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асықпа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асықпа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері