Дертіме осы табам ба ем – Абзал Бөкен

Бұл бетте «Дертіме осы табам ба ем» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1756
Дертіме осы табам ба ем,
Деміктіріп бақсыны.
Салыстырып жаманмен,
Жақсы, – дейді жақсыны.

Ұлға қарсы есептен
Ұлпа көңіл ұйлықты.
Қатар қойып есекпен
Жүйрік, – дейді жүйрікті.

Жабыменен жұп қылды
Беріп биік бағаны;
Мұның өзі – мықтыңды
мұқатудың амалы.

Науша болды нар бейнем,
Қалдырмады жөніме.
Дәлдестіріп даңғоймен,
«Дана» етпекші мені де.

Өрекпіді өзегім
Осыны еткен жолдасқа.
«Тең-теңімен,
Тезегің
қабыменен» болмас па?!

Тобыршықтан тиіп оқ,
Топ жарарда құрыдық.
Күнің неткен қиын ед,
Күндесі көп ұлылық!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері