Батырбек датқа айтқандары
- 0
- 6
Ассалаумағаләйкүм, дәу Батырбек,
Туғаның хабарлады «Сен келсін» деп.
Баурыңның иманы жолдас болсын,
Айтпақ едім көңілді өзім де кеп.
Ассалаумағаләйкүм, дәу Батырбек,
Туғаның хабарлады «Сен келсін» деп.
Баурыңның иманы жолдас болсын,
Айтпақ едім көңілді өзім де кеп.
Сыйқымбай өзің атың Аятбектен,
Сенде болат кездіксің асыл тектен.
Бойыңда қылтылдаған мінезің бар,
Әйтпесе озар едің талай көптен.
Сәлде ораған басына, байғұс Қожа,
Қарайсың дегелекше мойның соза.
Алпыс екі мақаммен сөз сөйлеген,
Халықтың ақынымын арым таза!
Іңкәр
Ең кереемет шығарма
Алма
Сүйінбай Аронұлы – қазақтың ұлы ақындарының бірі ғой. «Бақсыға» өлеңін осы жерден оқып, қатты әсерлендім. Тілі өткір, ойы терең. Қазақ әдебиетін сүйетіндерге міндетті түрде ұсынамын!