Бұл бетте «Кемпір лақтырған тас» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Оңбас! – бұған күлген кiм!
бұлт құсап түйiлiп
Тас лақтырды бiр кемпiр
Ызаланып, күйiнiп.
Сөзге босқа жармаспа!
Кереметтi көр ендi, –
Қуат бiтiп сол тасқа
зырлап ала жөнелдi.
Дүниеде көрмедiм
Мұндай қуат күштi мен, –
Зырлады тас шөл, көлдiң
Ормандардың үстiмен.
Бiр зырлаған тоқтамас!
Жұлдыз болып ақты ғой...
Жұдырықтай қара тас
Ұшып бара жатты ғой.
Босқа кетiп қаңғымас!
Қорықпа да, шошыма.
Тиедi екен сол бiр тас
Кiмнiң барып басына?!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі