Жайдары Жетісудың атса таңы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жайдары Жетісудың атса таңы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 570
Жайдары Жетісудың атса таңы,
Жер жарып Жетісудың жатса атағы.
Ол сенің шапағатың деп білемін,
Жез таңдай жырдың жүйрік ақсақалы!
Қозғаса қиялыңды қыр ағыны,
Ақынның құлақта ашық тұрады үні.
Қараймын Алатауға таңда тұрып,
Арманға тұғыр еткен жыр алыбы.
Қиырдан босағаңа жол қосты кеп,
Үн қосып дауысыңа жалғас жүрек.
Өзіңе жыр арнауға жетпей тілім,
Қысылып күмілжідім, алғашқы рет.
Бұлт кезіп өңірін жас жуған далам,
Тауыпты жұбанышын жырдан ғана.
«Жамбыл – менің әкем» деп мақтанады,
Өзің өскен жердегі туған бала!
Дауысың бар халықты ғашық еткен,
Дабысың дәуірлеген асып көктен.
Жазылған ленталардай сайрап жатыр,
Іздерің өлең болып басып кеткен.
Ұйқысыз нелер оймен таңды атырдың,
Ұйқысыз көздерімен сан батырдың.
Ленинградтық солдатпен сапқа тұрып,
Өлеңіңді оқ қылып жауға атылдың.
О, атам өзің жайлы ойға батып,
Сезімге тұп-тұнық бір барам батып.
Шіркін-ай, тағы сонау жырларыңмен,
Желдетіп төгіп өтсең борандатып.
Тербетіп арманын күн, аспан, ана,
Жаттайды есіміңді жас бала да.
Советтік ақындардың ақсақалы –
Өлеңнің Алатауы асқарала.
Таң атса тағы да бір батады күн,
Жалқыны бұлтта қалып шапағының?
Жамбылға бала болған өлеңменен,
Біздерге Ғали ақын ата бүгін.
Бүгінде тау суымен Жамбыл дала,
Бүгінде шабыс бөлек, ән-жыр жаңа.
Өлеңнің төрешісі, бір ұстазы
Өзіңе шәкірт болған Әбділда аға.
Жаралып бар бітімің сағым-нұрдан,
Ұрпағыңа даусың бар сағындырған.
Таңдандырып қашан да дәл осылай,
Өлмес өлең өзіңе табындырған!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайдары Жетісудың атса таңы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жайдары Жетісудың атса таңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайдары Жетісудың атса таңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайдары Жетісудың атса таңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері