Үндемедім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үндемедім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 808
Үндемедім...
Мұндайда дәрменсіз ғой тіл дегенің.
Айтарымды көзіммен айттым бірақ,
Түсіне алмай түкке де жүрген едің.
Әкелмеді қиял мен арман бақыт,
Сезім атты кеудеме қанжар батып.
Үндемедім, мен әлде қорықтым ба,
Асыл сөзді алудан арзандатып.
Сүйе білем, сұлуға қарай білем,
Аңсарым ең бір кезгі, арайлым ең.
Еркіндіктен осынау еш бөгетсіз,
Қамап ұстап, өзімді қалай жүрем?..
Ашып қойып көз деген айнаны ашық,
Құтылуды білмедім, қайда қашып.
Ортамызда бір өткір от ұшқындап
Үнсіз ғана өтерміз аймаласып.
Сырым болса өзің кеп айт, ұқпаған,
Әйелмін ғой… алдыңа қайтіп барам.
Сыбырлашы, самал боп ең болмаса,
Ең бір ыстық сөзіңді айтып маған…
Енді жол тар біздерге, кеше еркін ек,
Неге асығып соғасың, есер жүрек.
Күркіреші төбемнен бұлтты аспандай,
Көңілім тұр керемет нөсер тілеп.
Үндемедің…
Үндеместен сезімді тілмеледім.
Сүю деген, япыр-ау, осындай ма,
Бұл кезге дейін қалай білмегемін?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үндемедім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Үндемедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үндемедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үндемедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері