Көзді жұмсам… – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көзді жұмсам…» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 651
Көзді жұмсам…
Келеді ылғи өз бейнең.
Күрсінемін сағынышқа төзбей мен.
Күшім жетсе серпілер ем, сергір ем,
Өзге күнмен, өзге бақпен, өзге оймен…
Ойға батам оңашада не терең,
Арман жүгін жүрегіммен көтерем.
Сен болмасаң, дүниеде жылусыз
Бетім ауған жаққа қаңғып кетер ем.
Аузы бармас өзімді-өзім сау деуге,
Оған куә, мұңдас түн мен таң жеңге.
Сен болмасаң жыр дейтұғын жыр да жоқ,
Сұлулықтың сұры қашар әудемде…
Уақыт, әні, келеді алға сырғытып,
Қонақтатып, кейде құстай үркітіп.
Сен болмасаң ғашық бола білмес ем,
Атар таң мен болашақтан сыр күтіп.
Көзді жұмсам… елестейсің сен келіп,
Өшірмепті өткен ізді жел көміп.
Ойға батқан бір Алатау сен болсаң,
Құшағыңа енемін мен жол болып…
Келер күндер кеудеме еніп жырлайды,
Өткен күндер, сабырымды ұрлайды.
Ыстық сезім, ынтық сезім осынау,
Бір қараған көздеріңе тұрмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзді жұмсам… өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көзді жұмсам… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзді жұмсам… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзді жұмсам… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері