Зейнолла Қабдоловқа – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Зейнолла Қабдоловқа» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1208
Зейнолла Қабдоловқа
Зейнолла ағамыз жетпіске толған торқалы той, мерекелі мезетте толассыз құттық тау лардан соң: «Жетпіске келгім келген жоқ» деп қалып еді. Осы бір ауыз сөз ойға оралғы болып, есімнен шық пай қойды.

Жетпіске келгім келген жоқ –
Желкеме мінді жер мен көк.
Серқайрат күндер, қайдасың
Серілік құрған серуендеп?..
Жетпіске келгім келген жоқ,
Есікке төрден телмеңдеп.
Ернінің балын ұсынып,
Енді кім бізге ем бермек?
Жетпіске келгім келген жоқ,
Өзгеден озып, өңмендеп.
Желігіп жүрдім қанша жыл
Кеудемді желпіп, жел кернеп.
Жетпіске келгім келген жоқ,
Кім енді бізді тең көрмек?
Суатым қалды-ау суалып,
Қуатым кетті-ау белден көп...
Жетпіске келгім келген жоқ,
Көлденең көзге көлбеңдеп.
Немере менен шөбере
Ететін шығар енді ермек...
Жетпіске келгім келген жоқ,
Барады ішті шер кернеп.
Төменге түскім келеді
Төбедей биік төрден кеп.
Жетпіске келгім келген жоқ...

12 желтоқсан, 1997 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зейнолла Қабдоловқа өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Зейнолла Қабдоловқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зейнолла Қабдоловқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зейнолла Қабдоловқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері