Шабытсыз ақ қағазға қонбайды өлең

Бұл бетте «Шабытсыз ақ қағазға қонбайды өлең» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 616
Шабытсыз ақ қағазға қонбайды өлең,
Жазықсыз, жай түспесе, жанбайды емен...
Жаныма бір жұбаныш болар ма деп
Жолыңа жанарымды жалғай берем.
Жанарым талды білем қарай-қарай,
Жол жатыр жон үстінде шарайнадай.
Ойлаймын жарым түнде, жаным, сені,
От басып алған жандай абайламай.
От басып алғандайын табаныммен,
Алқынып жарым түнде аламын дем.
Хабарың бар ма, жоқ па, қарағым-ай,
Осынау тағдырыммен, таланыммен?
Балықтай байқаусызда торда ойнаған
Жоқ əлде мен болдым ба сор қайнаған?
Желпінсе желді күні жер-дүние,
Болмай ма ұясына торғай да алаң?
Кеудеден жан шығармай, қан шығармай
Жүректі зіл-батпан жүк жаншығандай.
Ұшына кірпігімнің жас ілінді
Тізілген жапыраққа тамшылардай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабытсыз ақ қағазға қонбайды өлең өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шабытсыз ақ қағазға қонбайды өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабытсыз ақ қағазға қонбайды өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шабытсыз ақ қағазға қонбайды өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері