Шаштым, төгілдім, шайқалдым – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Шаштым, төгілдім, шайқалдым» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1211
Шаштым, төгілдім, шайқалдым,
Жастық буы бар «сайтанның»
Уын ұрттадым, уыт қайтардым.
Буы биледі, уын ұрттадым
Шаштым, төгілдім, шайқалдым.
Шаштым, төгілдім, шайқалдым,
Аштым өзімді, айқардым.
Көңіл мәселін мың-сан қайтардым,
Өмір есебін шештім деп қалай айтармын?
Басып қамшымды, барыммен байқалдым.
Кімде жоқ дейсің өксік-өкініш,
Мүмкін кейіндеу бармақ тістермін,
Мүмкін мен дағы басты шайқармын.
Шаштым, төгілдім, шайқалдым,
«Өмір сүрдім!» деп айтармын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаштым, төгілдім, шайқалдым өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Шаштым, төгілдім, шайқалдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаштым, төгілдім, шайқалдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаштым, төгілдім, шайқалдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері