Айға атылма!

Бұл бетте «Айға атылма!» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1077
(әзіл)
Көз сұғыңды қадама жас балаға,
Кездесерсің кездейсоқ масқараға.
Өз теңіңнен іздесей махаббатты,
«Алла асыраған пендесі аш бола ма?..»
Көз сұғыңды қадама тәйірі алғырға,
Тәйірі алғырды бекерге ойландырма.
Өз теңіңнен іздесей махаббатты,
Маймыл болма ойнаған айна алдында.
Ажарың да жақсы ғой, айбатың да,
Қалжыңың да тәп-тәуір, қайратың да.
Адам биік секірмес өз бойынан,
Арыстаным, абайла, айға атылма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айға атылма! өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Айға атылма! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айға атылма! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айға атылма! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері