Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Бақ тайса, мал мен мүлкін қоса кетер

Бұл бетте «Бақ тайса, мал мен мүлкін қоса кетер» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2323
Бақ тайса, мал мен мүлкін қоса кетер,
Жар, досың жәрдем берер боса кетер.
Айрылып ақылыңнан аң-таң болып,
Әл қалмай аяқ, қол да, ошаң етер.
Басыңа бақыт құсы қонса қайтып,
Бәрі де қол қусырып шошаң етер.
Күжімдей көлеңкелі болғаныңмен,
Уайым түбіңді үңгіп, осал етер.
Ақылды ер асылында алдын ойлап,
Сағымға сұм дүниені мысал етер.
Масықпай, мемлекетті билегенмен,
Жабықпай, жарты нанға нысап етер.
Дегендей азаларлық сыйса пұлы,
Саттар ақ соңырағы күн қасап етер.
Ұятқа ол уақытта қалам ба? - деп,
Ойлы ерлер өзін-өзі қышап өтер.
Бермесе Тәңірі таупық, оларды ойлап,
Ер қайда өзін-өзі тұсап өтер?
Бәрің де бас көтеріп, пенделік қыл,
Бір күні "бол" деп өлім қыса кетер.
Болғанмен бұлт шөгетін биік асқар,
Төбе емес, төмпешіктен де ұсақ етер.
"Ишарат — ақылы барға" болатұғын,
Сөзім жоқ созып онша құшақ етер.
Қатаң кеп қатаң сынып айтарсыңдар,
Етпесем елжіретіп, пышақ өтер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақ тайса, мал мен мүлкін қоса кетер өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Бақ тайса, мал мен мүлкін қоса кетер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақ тайса, мал мен мүлкін қоса кетер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақ тайса, мал мен мүлкін қоса кетер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері