Жігітте жұртты жеген күй болмайды – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Жігітте жұртты жеген күй болмайды» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2268
Жігітте жұртты жеген күй болмайды,
Шортанда шабақ жеген ми болмайды.
Ащыны тұщыменен тату керек,
Теріде тоқпақ жемей, ін болмайды.
Бір "шыж-быж" мың "сіз - бізден" болады артық,
Қолды қу қусырғанмен, сый болмайды.
Болмаса алдында — аға, артында — іні,
Болғанмен ер туымды, би болмайды.
Дүниеде әр нәрсеге себеп керек,
Ағаштан бұтағы жоқ үй болмайды.
Қой, түйе қаптап қанша шарлағанмен,
Құба доң Құдай үйген қи болмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігітте жұртты жеген күй болмайды өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Жігітте жұртты жеген күй болмайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігітте жұртты жеген күй болмайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігітте жұртты жеген күй болмайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері