Саған айтам – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Саған айтам» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1017
Болды деп бала жастан жырға құмар,
жырдай ғып айтып отыр мұндағылар,
талай сөз тасқа басып шығарыпсың,
тәп-тәуір ұйқасы бар, ырғағы бар.
Бопты тек ойдан гөрі Одаң басым,
мақтапсың көрінгеннің көк алмасын,
айтады ел:
тез біліне бастады деп,
ақынның арғымағы бола алмасың.
Бас шұлғып,
бастық айтса мақұлдадың,
мақтадың сатқынды да, сатылғанын,
бір рет тым құрыса
арыстандай
ақырып
айға қарай атылмадың...
Көлдетіп керек жерде көз жасынды,
күйттеумен жүріп алдың өз басынды.
Жағалап "жақсыларды",
сездің ерте
ақын боп енді ешкімнен озбасыңды.
Көп жылғы қалыңдатып "қолдың кірін",
толысып,
топ жармай-ақ толдың бүгін,
азулы ағайыны бар-жоғымен
өлшейтін болып алдың ердің құнын.
Жаумасын біледі де көктен бедел,
өлеңшің өлермен де өктем келер,
Кім білсін,
сені көрген сырт ағайын:
"Ақындар осындай боп кеткен бе?" — дер
Қазіргі дүрмекте де, дуда барсың,
уланып, әлі талай буланарсың.
Қолпаштап қошеметшіл көп шуылдақ
армансыз атынды атап шулап алсын!
Айналаң сүйемелдеп, сүйрегесін,
селт етіп сен де кімнен именесің? —
сый көріп, сыйлық алып, сынға түсіп,
дүрмекке, құрметке де үйренесің.
Шығандап барып-барып,
қайта кел де,
атыңды шығара бер байтақ елге.
Құтылмас бақ та қашып,
таққа да шық,
...тек қана ақынмын деп айта берме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған айтам өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Саған айтам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған айтам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған айтам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері