Достым жан

Бұл бетте «Достым жан» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1224
Есігімнің алдында балғын көлді-ай,
балғын көлді-ай,
Балғын көлдің балғынын алғым келді-ай.

Қайырмасы:
Ойпырым-ай, ой-ой достым жан,
Күн болар ма қосылған?

Биттейіңнен бірге өскен, беу қарағым,
Аттандырған жеріңде қалғым келді.

Қайырмасы:
Ойпырым-ай, ой-ой достым жан,
Күн болар ма қосылған?

Шынаяғың шын күміс, тәрелке алтын,
тәрелке алтын,
Ойнап жүрген құрбымен болма салқын.

Қайырмасы:
Ойпырым-ай, ой-ой достым жан,
Күн болар ма қосылған?

Ойнап жүрген құрбымен болсаң салқын,
болсаң салқын,
Бұрынғыдай болмайды көңіл жарқын.

Қайырмасы:
Ойпырым-ай, ой-ой достым жан,
Күн болар ма қосылған?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достым жан өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Достым жан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достым жан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Достым жан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері