Жалғыз шырақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жалғыз шырақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Жайлаған қараңғылық қара түнек
Далада ар күрсініп, нала үдеп.
Селт етіп оянбаған ой мен сезім
Шағында тұралаған сана жүдеп.
Сәтті бір күні жанып жалғыз шырақ
Жарқырай түсті Алладан медет сұрап.
Зорайып бірте-бірте бара жатты
Аймаққа шашты шапақ ғажап нұр ақ.
Нұр шашқан сол шырақты ерте-кешті,
Жел үрлеп, дауыл ұрды, өшпеді, өсті.
«Жақсы озбай, жаман тозбай» мимырт, митың
Соқпақсыз, соқтықпалы жолдар кешті.
Оңай ма жаңа туу, ескі өлу
Байырғы жедел соны күйге ену.
Шайқасын махаббат пен ғадауаттың
Сан жеңіп тартты ілгері шырақ шеру.
Сәулесі түспеген бір қалмай жырақ
Алаулап шырақ алыс күннен нұр ап
Алысып етекбасты мыңмен жалғыз
Ақыры Хан2 шыңынан тапты тұрақ.
Жарқырап шыңнан алау шашқанында
Мойындап биіктері басқаның да.
Патшасы өлең сөздің шам шырағы
Жайнады ел қазақтың аспанында.
Бұл күнде түн-түнек жоқ далам жарық
Шырақтың мән, сырына ұрпақ қанық,
Әлемдік поэзия көгінде ол
Пайғамбар болып қалды мәңгі жанып.
Бұл шырақ ұлы Абай ақын еді,
Ғаламға әйгі болған аты, тегі.
Ұлының ұлы дүбір мерейтойын,
Өткізіп думандатып жатыр елі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз шырақ өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз шырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз шырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз шырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері