Таумен сүйрет – Duisekhan Qasym

Бұл бетте «Таумен сүйрет» атты Duisekhan Qasym жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ол да сірә, жүректегі арман да,
Сол бір жылы Алматыға барғанда,
Әкем менің көздеріме тік қарап,
"Биік бол",-деп айтып еді,-таудан да

Содан міне жылдар өтіп арадан,
Келгенімде биік таулы қаладан,
-Кел суретке түсейік,-деп айтты әкем,
Менің асқақ болуымды қалаған

Әке сөзін қалғандай ақ жаратып,
Шаштарымды сәл түзетіп таратып,
Түстік сонда әке бала сүйретке,
Камераны өзімізге қаратып

Содан біраз отырдық та жайланып,
Сүйреттерге көзімізді байладық,
Әкем көріп мәз болып тұр фотоны
Ал мен болсам қарап тұрмын ойланып

Қарап тұрмын, ойларымды жиып көп,
Сол сүйретке түскен асқар биік көк,
Сол асқардың жанында бір ұл тұрды,
Әкесінің бойынан да биік боп

Шығарып ап ойнататын басына,
Асқар таудың ақ түсіпті шашына,
Сол ойнатқан өрімдей ақ балапан,
Сораңдай боп кепті бүгін қасына

Деген оймен жүрегімді кернеген,
Тұрғанымда әкем басып пернеден,
Кеше ғана өрімдей ең,- деді ол
-Биік болып кетіпсің ғой сен менен

Сонда тағы қарадым да сүйретке,
Дедім, -әке жүрегімді күйретпе,
Мәңгілікке аласамын мен сенен,
Биік болып түссемдағы сүйретте

Тәңір жазса талай шыңды көрем де,
Бірақ сенен қала берем төменде,
Егер даңқтың биігіне өрлесем
Әке сені ұстап шығам төбемде

Ей, Алатау зеңгір көкке бойлаған,
Сенің даңқың, мен үшін бір жайдақ ән
Эверест те биік емес балаға
Әкесінің мойынында ойнаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таумен сүйрет өлеңінің авторы кім?

Duisekhan Qasym — осы өлеңнің авторы.

Таумен сүйрет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таумен сүйрет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Duisekhan Qasym өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таумен сүйрет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар