Бұл бетте «Күзгі жапырақ» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
11.12.2020
0
0
2032
Қалтырап жерге қонады
Ағаштан әлсіз жапырақ;
Тентегі күздің тонады,
Құлазып қалды атырап...
Жел қуған қаңбақ сүрініп,
Жеріне жеткен жығылды.
Тырналар көшті шұбырып,
Үңгіріне аю тығылды.
Құлазып қалды атырап,
Адамдар, бірақ, қашпады;
Жамылып қалың жапырақ,
Тіршілік қамын бастады.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі