Бұл бетте «Шатқал» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Баурында Ақшоқының бір шоқ жыңғыл,
Сол жерден басталған сай ұңғыл-шұңғыл.
Қияны барлап ұшып жүрді бүркіт
Шатқалдан шықпас па деп қоян үркіп.
Секектеп, түлен түртіп, сорлы қоян,
Шүйілді тас төбеден бүркіт – ноян.
Бүрді де бақ еткізіп ұмар-жұмар,
Сілкініп тұрды қыран қанып құмар.
Шатқалдың әмсе осындай мінезі бар, –
Не қырсық, не олжа одан ұшырасар.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі