Сәлем өзбек қызына – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сәлем өзбек қызына» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Сәлем сізге, өзбек қызы,
Бауырласым, мақта өсірген.
Жыр арнадым даңқыңды естіп,
Алатаудың ақ төсінен!
Мақтан болдың қыстағыңа
Сүйді аңызақ жүзіңді нұр.
Алға өрлей түс – тағы да
Жайна-жайна, о қызыл гүл.
Орағанын ақ торғынға
Кең алқабы Ферғананың.
Баста жібек орамалың
Жалауындай кен даланың.
Елестейді көз алдыма
Мақта теріп жүрген кезің –
Қарысып қол, талса да бел.
Мұң шалмаған қара көзің.
Ақ мақтаң – ақ раушан гүл
Үлбірейді самал тербеп.
Саусағыңнан төгіліп нұр,
Аймағыңа аштың өрнек.
Құттықтаймын, от жүрек қыз,
Еңбегіңмен ер атандың.
Табысыңмен молайттың сен
Күш-қуатын Ұлы Отанның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем өзбек қызына өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сәлем өзбек қызына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем өзбек қызына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлем өзбек қызына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері