Жасай бер, аға! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жасай бер, аға!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 585
Жыр мазалап шала ұйқы
Жүргенде дала бағында,
Ерғалидың Хамиты
Атанған жаңа шағыңца.
Сен үшін Отан, ақ бесік!
Дедің де,
жауға кек өсіп
Аттандың...
кеудеңді оқ тесіп
Жеңіспен келдің от кешіп.
Оралдың... «тұрдың үш есе
Вахтаға,
Отың сөнбеді...
Қаламгер қауым мүшесі – »
Жыр алаулады сендегі.
Тасыды «Сенің өзенің»
Болар ма асау бұл сынды!
Орманға бөлеп өз елін,
Енбекке Гүлжан құлшынды.
Жеңіспен келген соны көп,
Мұхиттан асты үркіп сор.
Коммунизмнің жолы боп
Қасқады жаңа «Үлкен жол...»
Көшпенді елдің күмбірлеп
Орныққан күйін көңілге,
Аштың да сырын бір-бірлеп
Әкелдің қайта өмірге.
Ғасырлар асқан халықтың
Қиялың, арман, назың мұң
Толғадың терең таныттың
Күйімен Құрманғазының.
Тағы да нөпір, тасқын жыр
Жалғасып «Жылдар-жылдармен»,
Жетпісің жеті асқан қыр –
Шұғыла шашқан нұр дәурен!
Алдында асу молы бар,
Сегіз он, тоғыз, оны бар.
Шаршамай аға, оны да ал
Қыран боп құзға қонып ал.
Сыйлысыз,
Хамаң, атайды ел,
Мінезбен сұсты алмастай.
Жырыңмен солай жасай бер,
Мен зерттеп түгесе алмастай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасай бер, аға! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жасай бер, аға! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасай бер, аға! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасай бер, аға! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері