Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Достық туының астында

Бұл бетте «Достық туының астында» атты Тайыр Жароков жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 762
Бақыттың кілтін ашып елге Ленин
Қол қойып декретке Кремльден,
Халқыма ту тіккізіп, ер жеткізген
Мың алғыс данамызға нұрлы өмірден!
Көргенде кемеңгердің декретін,
Нұр жайнап менің дағы екі бетім,
Сүйгенмін қызыл тудың алтын шоғын
Қолына алғанда елім өкіметін.
Осыдан бастап ескі күйіндегі —
Жүректің шерін аршып түбіндегі,—
Күлімдеп көне көзі баба қазақ
Нұр шашқан көрді түңғыш дүниені.
Қызыл гүл нарт қанатын күнге жая,
Таң атып, еміренгенде елге дала,—
Жап-жасыл туған жердің жапырағын
Кемсеңдеп... қуанғаннан сүйді баба...
Жарқ еткен елімізге со бір күнде,
Саусағын айға ұсынып сәбилер де,
Құрғатып кәрі ана да көздің жасын,
Шырқалды шаттық әні әр үйлерде...
Құлдықтың тамған бұрын қанды жасы
Қайысқан қара жердің қабырғасы,
Құрыштай болды қайта қуаттанып
Туғанда жадыраған жаңа ғасыр.
Бақытқа бастап Ленин бұл ғасырды
Тұрғанда тау тәжім ғып, жау бас ұрды.
Құйылып еліме бақ, жеріме құт,
Кремль күмбезінен нұр шашылды.
Су бөлеп жарғақ бетті тандыр жерді,
Жүзіне солған гүлдің қан жүгірді,
Табиғат шырт ұйқыдан оянғандай
Тамылжып таң лебінен жан жылынды...
Елімді ұлы орыс халқы бастап,
Ержеттік доспен дос боп, жауды жасқап,
Батырдай сапқа тұрған сауыт кидік,
Күпіні жабағылы шешіп тастап.
Түйенің мінген кеше өркешінен,
Түсіп тез, бүгін өмір төтесінен —
Отырып самолеттің қанатына
Самғады таудың қазақ өр төсінен.
Соқаны тастап, жыртқан құмайт қырды,
Жондарда жорыттың тракторды;
Шаттыққа інжу дәннен шашу шашып,
Тұмағын көкке егінші лақтырды.
Халқымен қол ұстасып Эльбрустың,—
Достасып тегеурінді ел боп өстім:
Сүйемін Кураны мен Ақжайықтай,
Достықпен құлашымды сермеп өстім.
Кеше, жау көздегенде астананы,
Қорғасты ер қазақ та Москваны.
Бар халық ел достығын ту ғып ұстап,
Жеңістің болды Отаным бас қамалы.
Сақтастық жау оғынан Днепрді,
Еліміз ол достықты білетін-ді.
Сол кезде, әрқашан да, алда дағы
Жүректе дана Ленин нұры тұрды.
Партия, ел достығын мызғымастай —
Құрыштай құйды қолдан өзі бастай,
Шыдар ма ақын жаны сол достықты
Мадақтап, жырдың тұнық көзін ашпа.
Жеткенше өр Алтайға Атыраудан
Ту тігіп Қазақстан атын алған.
Аймағым — ұлан-байтақ кен байлығы
Ақтарып алтындарын жатыр аудан.
Жетісті ел, жетісіп жетті күнім,
Телі өсті көз тұндырып төрт түлігім
Биледік білімменен тетігін де
Қуатты электрдің от тілінің.
Жерімнің ұшан қиыр әр қиясы,
Көтерген қызыл туды бар тұлғасы,
Бақытқа ие болды, шын құлпыртқан
Даңқты ұлы Ленин партиясы.
Басқа елде біздің елдей бақыт бар ма!
Самғатқан бақытымен уақытты алға.
Әлемде әділдіктің туын ұстап
Алдағы бара жатырмыз тартып таңға.

1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достық туының астында өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Достық туының астында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достық туының астында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достық туының астында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері