Құбажай (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Құбажай (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1092
Ар жағында Ертістің нұр жайлаған,
Біздің қалқа көрдің бе жылқы айдаған?

Қайырмасы:
Құбажай,
Қоңыр да салқын жанға жай.

Біздің қалқа көрсеңіз таныр едің,
Орамал бар белінде бір байлаған.

Қайырмасы:
Құбажай,
Қоңыр да салқын жанға жай.

Осылайша құрбыға сәлем жаздым,
Атағына алыстан ынтызармын.

Қайырмасы:
Құбажай,
Қоңыр да салқын жанға жай.

Мен жүрейін сыртынан медет қылып,
Үні жақсы көлдегі қоңыр қаздың.

Қайырмасы:
Құбажай,
Қоңыр да салқын жанға жай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері