Дауыл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дауыл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 554
Қорғасын бұлтты үйіріп,
Алқымдап көктің алабын,
Шуақты сәтті сиырып,
Қуыра жердің танабын.
Келеді дауыл ақырып,
Келеді дерсің кекке үндеп,
Жолында не бар жапырып,
Үдере есіп екпіндеп.
Кірпігін күн де түсіріп,
Түнере шытты қабағын.
Шешегін гүлдің ұшырып,
Жұлқыды дауыл сабағын,
Сақылдап күліп жан-жаққа
Бытырай қашқан балалар
Секілді ұшқан аулаққа
Гүлшешек – қызыл таналар.
Гүлшешек – қызыл күледі
Күледі дала, атырап,
Күледі күштіні іледі,
Күледі ұшқан жапырақ.
Өзінің сезбес еш мінін
Шығы да бар ғой ілкіде,
Бойына сенген күштінің
Қалатын солай күлкіге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Дауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері