Есімде – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Есімде» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1085
«Жан досым!»
Неткен мөлдір сөз.
Жалыны қандай мол еді.
Бағына ұмыт сол бір көз
Жанымды қайта бөледі.
Наз үнің жетіп:
«Досым-ау,–
Дегендей маған, – сыр ақтар».
Толқытып тосын осынау
Төгіліп кетті шумақтар.
Қалықтап ойым аралап,
Жөнелді Шыңғыс асқарын...
Бір терген гүлін дала – бақ
Есімде қимас достарым.
Есімде қазақ данасы
Қаз табаны тиген жер!
Шыңғыстың байтақ даласы –
Мекендеп мен де сүйген жер.
Есімде көлі, орманы,
Есімде әсем Қарауыл!
Ұмытпан сұлу Орданы,
Есімде тіпті бар ауыл!
Есімде жастық сайраны
Бергенше арай таң күліп.
Сұлу ән қанат жайғаны
Шындардан асып жаңғырып...
Еңбек пен енер елінде
Ұққанмын өмір сырларын.
Шыңғыстың салқын белінде
Туған-ды тұнғыш жырларым.
«Жан досым!»
Неткен мөлдір сөз.
Жалыны қандай мол еді.
Бағына ұмыт сол бір кез
Жанымды қайта бөледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есімде өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Есімде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есімде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есімде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері