Сіңліме

Бұл бетте «Сіңліме» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 2495
1
Атымен өтер атаның
Болғаным жоқ бай қызы.
Құрбымның бұзып қатарын
Болғаным жоқ байғұсы.
Төгілген тасып арнадан,
Емес те едім мол кісі.
Намысқа бірақ бармаған,
Болғам жоқ адам сорлысы.
Тегімде тіпті болған жоқ
Профессор түгіл,
оқыған,
Ауыс деп ақыл барғам жоқ,
Халқымнан оқып-тоқығам.
Адамды танып үйренгем,
«Кебенек киім» ішінен.
Жайып сап жанын үйге енген,
Аярым жоқ кісіден.
Әурелеп сіңлім, апаңның
Сөз ете берме «шапанын».
Шапанмен өлшеу адамды,
Үлкені болар қатаның,
Және осы «шапаныммен-ақ»
Мен талай жерге батамын.
* * *
Жазығым қарсы алдым жарқылдап,
Сен келдің «апа» деп сызылып.
Байқамаппын жүріп аңқылдап,
Өңіңнің кеткенін бұзылып.
Әкемдей терлеттім өзіңді
Ниетім – алдында дастарқан.
Байқамаппын улы сөзіңді
Деп жүріп шын адал дос тартам.
Туыстай сіңлім деп мәз жүрмін,
Сен кеттің қулығыңды асырып.
Арыңа не дейсің баз бір күн
Бұл сырың қалғанда ашылып.
Сызылып сыртыңды мақұл ғып,
Арамдық жүр екен ойында,
Жүр екен қалай сені ақын ғып
Меңдеген мынау дерт бойында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сіңліме өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сіңліме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сіңліме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сіңліме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері