Не дей алам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Не дей алам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 810
Тыныс – демің көз алдымда,
Ұмытқаным жоқ бір дірілін.
Бақыты үшін қияр едім
Өз жерімнің бір гүлінің.
Қандыратын жан сусынын –
Құлағымда бұлбұл үнің.
Бақыты үшін қияр едім
Өз жерімнің бір гүлінің.
Тәрізді едің арқамдағы
Егіз өрген бір бұрымым.
Бақыты үшін қияр едім
Өз жерімнің бір гүлінің.
Буынсыз тіл буулы біл,
Асау жүрек мылқау мүлде.
Не дей алсын өрісі өзге
Бағбан болсаң бөгде гүлге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не дей алам өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Не дей алам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не дей алам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не дей алам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері