Ұшақ аңдып, телмірдім аспан жаққа – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Ұшақ аңдып, телмірдім аспан жаққа» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 570
Келем дедің.
Содан бастап сен жаққа елеңдедім.
Бақытты өмір тағы да басталмақ па,
Ұшақ аңдып, телмірдім аспан жаққа.
Іздесеңіз табасыз мені бақтан,
...Қызыл көйлек – үстімде, сен ұнатқан.
Қарсы тұрдым қанша жыл қанша мұңға,
... Сен сыйлаған сол жүзік саусағымда.
Мойынымда - әдемі тасты алқам да,
Ас үйдегі жаюлы дастархан да.
Сені көрмей қалайша жай табамын,
Сүйем деген сөзіңді қайталадым.
Саған деген сезімім – табынысым,
Сары түске боялған сағынышым.
Жаным!
Жаным!
Мен сенің – құрбандығың,
Ұшқышқа айтшы, арттырсын жылдамдығын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшақ аңдып, телмірдім аспан жаққа өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Ұшақ аңдып, телмірдім аспан жаққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшақ аңдып, телмірдім аспан жаққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшақ аңдып, телмірдім аспан жаққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар