Ұяттан күн тұр өртеніп – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Ұяттан күн тұр өртеніп» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 1
  • 1493
Аққудай аппақ дүние,
Жаралған маған, саған да.
Ғаламат отқа күн ие,
Жылуын сыйлар ғаламға.
Шуақтан бойға нұр сіңіп,
Таранады кеп тіршілік.
... Жасаған кейде жөн шығар,
Көктегі күнге құлшылық...
Жылуын жерге сыйлаған,
Күн берді көңіл-күй маған.
... Жер басып жүр-ау кей адам,
Жылуын жұртқа қимаған.
Ізгілік үнін жоқтаған,
Көңілде әлі көп-ті алаң.
Жылуы несі?
Солардың
Іштері – тоң ба деп қалам!
Сезімнен кеткен суынып,
Байлықпен қатқан буыны.
Жүзінен ұрып тұрады,
Саяздығының суығы.
Санаға сауал салмаған,
Жан-жағын түгел жалмаған.
Таң қалам күнге – тексізден,
Шуағын аяп қалмаған.
Жәдігөйлерден жиіркеніп,
Қасиет кеткен ерте өліп.
... Істеп жүр надан білгенін,
Ұяттан күн тұр өртеніп...


Пікірлер (1)

Ақниет Сарсенбай

Бул өте керемет өлеңдер маған қатты қнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұяттан күн тұр өртеніп өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Ұяттан күн тұр өртеніп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұяттан күн тұр өртеніп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұяттан күн тұр өртеніп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері