Жұма күнгі жыр – Табылды Досымов

Бұл бетте «Жұма күнгі жыр» атты Табылды Досымов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3212
(Х.Нұрғалиевке)

Туа қалсақ – тосады таныс қабір,
Мәңгілікке кетуді күттім менде ...
Төрт қабырға – төрт Құран, ғарышта-нұр,
Ал, қапастың ішінде тұтқын пенде ...

Жан - қонақ та, тән - Жерлік, сана - қалжа,
Аттан, алыс ғарышқа көтеріл де!
Ақыл - сәжде, дін - перде, адам - олжа,
Кебін - перде бүркейді кетеріңде...

Дін сондықтан көнбеген қара күшке,
Дәлелденген нәрсе бұл тарихта да ...
Пайғамбарлар шалдығып шарап ішсе
Ол - жүзімнің шырыны, Хамит бала ...

Түспесін тек діншілдік жайында еңсең,
Жаһаннамның кіргендей пердесіне.
Шарап исі аңқыған шайыр көрсең,
Ол да өзімдей Алланың пендесі де...

Бірімізді біріміз мұнша аясақ,
Аттанбай ма жұмаққа мыңның бәрі,
Алла - ұлы мемлекет, дін – саясат,
Адам - оның зайырлы тұрғындары.

Ақын көрсең, жақсыға елеңдеген,
Шарап ұрттап, қыз ерткен көрікті,ізгі...
Құран жазып қалдырған өлеңменен,
Пайғамбардың сойынан деп ұқ бізді ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұма күнгі жыр өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Жұма күнгі жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұма күнгі жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жұма күнгі жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері