Әке тілегі – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Әке тілегі» атты Алма Түсіпбекова жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1840
Қимай сені – кетілдім,
Қызым менің, кекілдім.
Еркелігі қалмаған,
Әлі бала секілдім.
Қызыл гүлім –төрдегі,
Кәусарым-ау шөлдегі.
Сағынам-ау, сені ертең,
... Қинайтыны сол мені.
Лағындай еліктің,
Сені баққа теңеппін.
Бойжеткенің жайында,
Кеш түскені-ай деректің.
Ілестірмей шаңына,
Шапты уақыт тағы да.
... Бағынам да, қайтейін,
Мына өмірдің заңына.
Жанарыңда –мейірім,
Аппақ болсын пейілің.
Тамсанта бер тірлікте,
Ағайынның дүйімін.
Іздеп бақыт дерегін,
Ұғып алғын керегін.
Қолдап жүрсін аруағы,
Ұмай ана, Зеренің.
Алдан бақыт, тосады ән,
Берік болсын босағаң.
Ақ жаулықты ана бол,
Қосағыңмен қоса ағар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке тілегі өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Әке тілегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке тілегі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке тілегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері