Жаның жақын – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жаның жақын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 631
Жаның жақын әйтеу бір сезем,маған.
Кей құрбымнан сақсынам сөз аңдаған.
Бір жақындық мендеде бар сияқты,
Өзгерісті сендегі тез аңғарам.

Жаның жақын.достық па,мақаббат па?
Сыршыл жүрек лапылдап жатады отқа.
Тағдыр тізгін бермеді, жырақ кетем,
Бөлене алмай сендегі шапағатқа.

Саған қалай өзімді түсіндірем?
Қайшылыққа толыпты ішім кілең.
Сезе тұра төзуді білетұғын,
Мақаббаттың тым асқақ күшін білем.

Жаның жақын, оңаша мұң кешесің,
Үнсіздікпен толтырдың сыр кесесін.
Жайшылықта кеудемде тынып жатқан,
Пернесімен бір күйдің үндесесің.

Сезіміңді дәрмен жоқ құлатуға,
Еркін сені күйім жоқ ұнатуға.
Жаның жақын,кеш мені.төзбейді екем,
Жаны нәзік бір қызды жылатуға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаның жақын өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жаның жақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаның жақын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаның жақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері